jasqazaq.kz

Елбасы Әлібек Дінішевпен бірге ән шырқады (видео)

02 қараша 2018, 10:36

Кеше, 1 қарашада, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі әнші Әлібек Дінішевті қабылдады. Кездесу кезінде елбасы мен халық әртісі бірге ән шырқады.
Stan.kz. жазғандай, кездесу барысында Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевтің еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуда атқарған айрықша рөлі мен еңбегін атап өтті. Сондай-ақ әншінің елорда мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып келе жатқанын жеткізіп, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» театрында өткен ән кешінің сәтті өтуімен құттықтады.
Өз кезегінде Әлібек Дінішев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өнер қайраткерлеріне көрсетіп келе жатқан қолдауы мен шығармашылық саласында ұстанатын саясаты үшін ризалығын білдірді.
«Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде Сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. «Астана Опера» – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш», – дейді Дінішев.
Сондай-ақ кездесу барысында мемлекет басшысы мен халық әртісі «Люблю тебя, мой край родной» әнінің (сөзі – И.Назалевичтікі, музыкасы – Г.Подэльскийдікі) үзіндісін шырқады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде