jasqazaq.kz

Елбасы: АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстері биыл ашылуы тиіс

30 қантар 2019, 12:45

Америка Құрама Штаттары мен Жапонияға тікелей әуе рейсін ашу мәселесі биыл шешілуі тиіс. Мұндай міндетті бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке берді.

«Авиаторларға, ең алдымен «Эйр Астана» компаниясына біздің негізгі инвесторларымызға қарай әуе байланысын іске қосу міндетін жүктеу қажет. Қазір Еуропаға ұшамыз. Енді Құрама Штаттарға, Жапонияға ұшуымыз қажет. Ол үшін не істеу керектігін қараңыз, қолдау көрсетіңіз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев министр Қасымбекке қарата айтқан сөзінде. Мемлекет басшысы бастапқы уақытта бұл бағыттағы әуе рейстерінен пайда түспеуі мүмкін екендігін де ескертті. «Ұшақ сатып алуға, немесе қолданыстағы ұшақтарды пайдалану мәселесіне көмек беру керек. Бұл мәселе биыл шешілуі тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді