jasqazaq.kz

Елбасы Ахметжан Есімовке тапсырма берді

16 тамыз 2018, 14:24


Қазақстан Президенті «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, –  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. «Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком», Air Astana  және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз», — деді Ахметжан Есімов. Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті. Соңында мемлекет басшысы «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді