jasqazaq.kz

Елбасы: 30 мың ауыл тұрғынын кәсіпкерлікке үйретеміз

21 маусым 2018, 16:07

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V сьезі қатысушыларына өз құттықтауын жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл «Атамекен» палатасының құрылғанына 5 жыл толды. Осы уақыттың ішінде бұл бірлестік бизнес қауымдастығының мүддесін қорғайтын тәуелсіз институт ретінде қалыптасты. Ұлттық палата кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастыққа дәнекер бола білді. «Атамекен» еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қоса береді деп сенемін», — делінген Елбасының құттықтауында. Өз сөзінде Президент отандық бизнесті дамытудың арқасында Дүниежүзілік банктің рейтингісінде 36-шы орынға дейін көтерілгенімізді ерекше атап өтті. Инвестициялық климат та жақсарып келеді. Салық және кеденге қатысты жаңа нормалар күшіне енді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті реттеуге қатысты өзгерістер қабылданды. Заңнамада отандық кәсіпкерлердің ұсыныстары барынша ескерілді. «Аталған жұмыс жалғаса береді. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнесмендер осы жұмысқа белсене атсалысуы қажет. Біздің стратегиялық мақсатымыз — 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу. Ол үшін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 процентке арттыру қажет. Бұдан бөлек, біз жаңа теxнологиялар мен инновацияларды кеңінен дамытуға бет алдық. Ал бес әлеуметтік бастама аясында шағын несиелерді қаржыландыру көлемі артып отыр. «Бастау» сияқты маңызды жобалар қолға алынды. Биыл аталған бастама аясында 30 мың ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке үйрету көзделген. Осы шаралар 160 елді мекен мен 40 шағын қаланы қамтиды. Осының барлығын іске асыру үшін Үкімет пен «Атамекеннің» бірлескен жұмысы қажет», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді