jasqazaq.kz

Эль-класико: «Реал» «Барселонаны» жеңіп, көш басына шықты (видео)

02 наурыз 2020, 12:53

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 25-турында «Барселонаны» жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Эль-Класико Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

«Реал» матчтің 71-минутында алға шықты. 19 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Винисиус Жуниор мадридтіктердің матчтегі алғашқы голын соқты. Ал екінші голды 92-минутта форвард Марино Диас салды, ол алаңға бір минут бұрын шыққан еді. Бұл Диастың осы маусымдағы алғашқы матчі болатын.

Осылайша, 56 ұпай жинаған «Реал» Ла Лигада бірінші орынға шықты. Ал екінші орынға түскен «Барселонада» 55 ұпай бар. Келесі турда каталониялықтар 7 наурызда «Реал Сосьедадты» қабылдайды. Ал мадридтіктер 9 наурызға қараған түні «Бетиске» қонаққа барады.

Бұл осы маусымдағы екінші эль-класико болатын. Желтоқсанда «Барселона» мен «Реал» 17 жылда алғаш рет 0:0 есебімен тең түскен еді.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия