jasqazaq.kz

Ел бірлігінің үлгісін көрдік

21 қазан 2019, 17:06

    Қазақ дейтін жауынгер ұлттың ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын. Әсіресе Талдықорған қаласында өткен «Орбұлақ  шайқасына» арналған тарихи қойылымнан ерекше әсер алдым. Бабаларымыздың өткен жолы, көрген қиындығы, өмір жолы көз алдымыздан бір сәтте тізбектеліп өтті. Өткен сенбі күні Алматылық бірқатар БАҚ өкілдері Талдықорған ипподромында өткен Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы мен Орбұлақ шайқасының 356 жылдығына орай ұйымдастырылған тарихи қойылымды тамашалап қайтқан едік.

Ең алдымен Орбұлақ шайқасының тарихына қысқаша шолу жасай кетейік. Тарихи оқиға 1643 жылы Жоңғар Алатауы бөктеріндегі  Орбұлақ сайында болған. Жоңғардың  50 мың әскеріне қарсы Жәңгір хан бастаған қазақтың  600 –ге жуық сарбазы қарсы тұрып, Самарқаннан Жалаңтөс батырдың қалың әскері келгенше  жауға тойтарыс берген. Бұл айқаста қазақ жауынгерлері алғаш рет мылтық қолданып,  жаудың бетін кері қайтаруға түрлі амал-тәсіл  қолданған.  БаҺадүрлеріміз ең алдымен терең ор қазып, бетін шөппен жуып   жоңғарларды сол орға құлатқан. Садақшыларымыз  улы жебемен   де біраз жаудың жанын алады. Сондай-ақ олар жауды  «сасықтеке» шөбінен арнайы дайындалған улы түтінге тұншықтырады. Жауды улаған қазақ сарбаздары өздері уланбауы үшін беттерін ешкінің  майы жағылған шүберекпен тұмшалап шығады. Бұл шайқаста қазақ батырлары осындай түрлі әдіс-айла қолдануларының арқасында жауға тойтарыс беріп, жаудың бетін қайтарады. Ал Самарқаннан келген Жалаңтөс батырдың 20 мыңнан астам қолы жоңғарларды жеңуге көмектесті.

Осы оқиғалар тарихи қойылымда шынайы бейнеленіп, калың көрермен дәл сол ғасырға еніп кеткендей әсерде болдық.  Тарихи  шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орбұлақ шайқасын дәріптеу «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әлі де жалғасатынын атап өтті. Ол: «Болашақ ұрпақ тарихын қашанда біліп жүруі керек. Бұл болашағымыз үшін маңызы зор  шара. Біздің байтақ жерімізді жаудан сақтап қалған батырларымызды, жауынгерлерімізді кейінгі ұрпақ білуі тиіс» — деп атап өтті.

Ауқымды шара тек шайқас көрсетілімімен шектелген жоқ. 25 отты қазанда 2,5 тонна бауырсақ бір мезетте пісіріліп, қонақтарға тегін таратылды. Осылайша ұйымдастырушылар Қазақстан рекордтар кітабының сертификатына ие болды. Сонымен  ұлттық қолөнер шеберлері, ұсталар мен зергерлер шеберлік сабақтарын өткізді. Ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі болып, қазақ күресі, жамбы ату, садақ атудан, асық ойнаудан сайыстар ұйымдастырылды.

Шарада бүркіт, тазы ит, түйені тамашалаған жұртшылықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды.  Қойылымнан кейін көпшілік Балпық бидің 325 жылдығына орай  ұйымдастырылған бәйгені тамашалады.

Ұйымдастырушылар тарихи қойылымға 61 млн теңгенің жұмсалғанын жариялаған болатын. Меніңше мұндай айтулы шараға қанша қаржының жұмсалғаны маңызды емес, маңыздысы болашақ ұрпақтың санасына сіңіретін рухани қазынаның жас ұрпақтың жүрегінде қалатыны.

Мақпал Ноғайбаева

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда