jasqazaq.kz

Экстремизм мен терроризмді насихаттағандар ұсталды

12 шiлде 2024, 10:56

Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді.

Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматы мен 1 шетелдікті ұстап, қамауға алды.

Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғысқаны үшін елімізде сотталған болатын.

Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова