jasqazaq.kz

Экстремистер өздеріне адам тартудың жаңа тәсіліне көшкен (видео)

20 ақпан 2020, 11:48

Қазақстандағы деструктивті діни ағым ұстанушылары такси қызметін пайдаланған жолаушыларды өз жақтарына тарта бастады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мұндай адамдар автокөлікті жалға алып, күні бойы такси жүргізіп, өздерінің құрбанын іздейді екен. Жолаушылармен жол бойы рухани құндылық призмасы арқылы байлық пен әділеттік туралы сөз қозғайды.

Ал мамандар деструктивті діни ағым өкілдері жыл сайын адамдарды өздеріне тарту мақсатында түрлі әдіс пайдаланатынын айтты. Экстремистер психологияны жақсы меңгерген. Сол арқылы адамға әсер ете алады. Оның тіпті дінге қатысы болмауы да мүмкін.

«Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін адамдарға еш көңіл бөлінбейді. Ал экстремистер адамға назар аудара біледі. Сириядағы ер адамдармен хабарласып, хат алмасқаннан кейін сол жаққа кетіп қалған қыз көп. Олар қыздарға жердегі жұмақты, көп баланы, керемет өмірді уәде етеді», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы Александр Антипин.

Таксиде әңгімелесудің әсерін мамандар трендке айналып кетті деп отыр. Көздеген жерге жеткен кезде жолақысын арзандатып айтып, хабарласып тұру үшін телефон нөмірін сұрауы да мүмкін.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия