jasqazaq.kz

ЭКСПО-да Қытайдың Хайнань провинциясының күні өтті

14 тамыз 2017, 18:08

Бүгін ЕХРО қалашығындағы Қытай павилонында Хайнань провинциясы күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік шараға Хайнань провинциясының делегациясы, Қытай павилонының басшылары, қытайлық өнерпаздар, кәсіпкерлер мен еліміздің өкілдері қатысты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Қытай Халық Республикасы елшілігінің Қазақстан ісіндегі уақытша сенімді өкілі Лю Жиангпин «Қазақстандық достарымыз Хайнань провинциясына жиі келеді. Біз, әсіресе, қазақстандық туристерді асыға күтеміз. Себебі Қызылорда облысы мен Хайнань провинциясының арасында ерекше байланыс орнаған. Сондай-ақ Хайнань мен Ақтау қаласы арасында да байланыс орнатпақпыз. Сондықтан біз екі ел арасындағы қарым-қатынас қақпасын аштық деп білеміз», – деп екі ел арасындағы байланыстың дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ Хайнань провинциясына Қазақстан Республикасының Президенті де бірнеше рет келгенін айта келе «Хайнань провинциясының күні – Қытай мен Қазақстан арасындағы байланысты одан әрі арттырып, достығымызды бекіте түседі және үлкен үлес қосады деп білемін. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму болашағы жарқын екендігіне сенемін», – деді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Мырзамәдиева Майнұр «Биылғы жылды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Туризм жылы» деп атағанын білесіздер. Сондықтан осы жылы елімізде көптеген ірі іс-шаралар, яғни форумдар, конференциялар, туристік турлар өткізілмекші», – дей келе екі ел арасындағы қарым-қатынас, туристік байланыс туралы айтты. Сондай-ақ екі ел арасындағы виза беру тәртібі жөнінде сөз етіп, алдағы уақытта екі елдің байланысын жандандыра түсуге шақырды.

Шара барысында екі ел арасындағы туристік, бизнестік байланысты дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойылды. Шараға қатысушылар Қытай өнерпаздарының өнері мен көрмесін тамашалап, асханасынан дәм татты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық