jasqazaq.kz

Экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, сәби көз жұмды (видео)

25 қыркүйек 2020, 11:50

Шымкентте жолда кетіп бара жатқан эксковатор мен жеңіл көлік соқтығысып, бір жасқа толмаған нәресте мерт болды. Тағы үш ересек адам ауыр жарақаттанып, оның бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жол көлік оқиғасы кеше күндізгі 11:00 шамасында болған. Жібек жолы көшесінде келе жатқан эксковатор бұрылмақ болғанда, оған Тойота көлігі соғысқан. Бұл көрніс сондағы ғимараттардың бейнекамерасына түсіп қалған. Салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданып, ішіндегі үш адамның екеуі көз жұмды. Қалған екі жолаушы қазіргі таңда ауруханада жатыр.

Осы жәйт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. «Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 бөлігімен (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тіркелді. Жүргізушілердің мас күйін тексеру мақсатында және жол көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда»- деді полициядан.

https://youtu.be/523jW2VbaHc

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде