jasqazaq.kz

Экс-прокурорға 10 млн теңге айыппұл салынды

15 сәуiр 2018, 14:02

Қарағанды облысының Приозерск қалалық соты пара алды деп айып тағылған Қарағанды облысының бұрынғы прокуроры Ержан Тұрысбековтің ісі бойынша үкім оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот «Тұрысбеков пайдакүнемдікпен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруға қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын» анықтады. Соттың қаулысында бұрынғы прокурор 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғанын толық мойындағаны айтылған. Ержан Тұрысбеков ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Оған ҚР ҚК 55-бабының 4-бөлігін қолдану арқылы параның отыз есесі мөлшерінде, яғни 9 миллион 810 мың теңге айыппұл салынды. Бұдан тыс, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Ол айыппұлды соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың ішінде төлеуі тиіс. Егер айыппұлды төлеуден жалтарса, жаза бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылуы мүмкін.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық