jasqazaq.kz

Экс-полицей контрабандамен ұсталды

24 қазан 2018, 16:22

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бұрынғы қызметкері 318 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдап жүрген жерінен ұсталды.

Ақтау-Форт-Шевченко бағытындағы тас жолдың 43-ші шақырымында Тойота Королла автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 110 дана, яғни 318 келі бекіре шыққан. Заңсыз тасымалмен айналысып жүрген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Ол өзінің мерзімі өтіп кеткен қызметтік куәлігін көрсетіп, айласын іске асырмақ болған. Алайда сақшылар зейнетке кеткен полиция майорының үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. «Оған қатысты ҚР ҚК 339-бабы, 1-тармағымен іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. Браконьерлерге қанша жерден тосқауыл қойсақ та, Қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балықты аулауды тоқтатар емес. ҚазАқпарат хабарлағандай,Екі күндік жедел профилактикалық іс-шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осындай 2 фактіні тіркеп, 541 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі»,-дейді МО ПД ақпарат және мемлекеттік тіл бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева. Тағы бір заңбұзушылық 22-шағынаудан, 6-үйдің маңында тіркелген. Лада Гранта автокөлігін тексеру барысында 223 келі, 79 дана бекіре балығы шыққан. Қазір кінәлі азаматқа қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді