jasqazaq.kz

Экс-министр Біртановтың үй қамақтағы мерзімі тағы ұзартылды

14 қыркүйек 2021, 14:05

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев биылғы жылдың 7 шілдесінде қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын, процеске қатысушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында екенін еске салды.

Қылмыстық істің өзі, оның айтуынша, 133 томнан тұрады, онда заттай айғақтар, фонограммалар және басқа да қосымша материалдар бар.

Үй қамақ мерзімі 14 қыркүйекте аяқталады, ал біз іс құжаттарымен толықтай танысып үлгермей жатырмыз. Осыған байланысты мен қылмыстық қудалау органдарының өтінішін қанағаттандыруды және үй қамақта ұстау мерзімін екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартуды сұраймын , — деді Жараспаев.
Судья Талғат Ақшабаев өз кезегінде тергеу органдарының мерзімді екі айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Айта кетсек, 14 шілдеде үй қамақтағы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мерзімі екі айға ұзартылған болатын. Біртановтың қорғаушылары, сол кезде сот шешімімен келіспей, сот үкіміне қарсы шағым түсіріп, өз қорғауындағы адамды заңсыз түрде үй қамағына алынғанын айтқан болатын.

8 шілдеде Қаржы мониторингі агенттігі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтағаны белгілі болды.

Біртановқа 2020 жылдың маусымында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатқа пайдаланып, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, қолданысқа енгізу арқылы қызметтік өкілеттігін асырды деген күдік келтіріледі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия