jasqazaq.kz

Экс-министр Біртановқа қатысты басты сот отырысының уақыты белгіленді

12 мамыр 2022, 16:44

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтетін күнді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істің материалдарын қарап: ҚІЖК-ны бұзу деректерін жою және қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мақсатында сотталушылар мен қорғаушылардың қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылдансын. Басты сот талқылауы 26 мамыр сағат 10.00-ге жалпы тәртіппен ашық сот отырысында тағайындалсын», — деп қаулы етті Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Еске салайық, бұған дейін сот заңбұзушылықтарды жою үшін экс-шенеуніктерге қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтарған болатын. 11 мамырда өткен алдын ала тыңдауда Біртановтың адвокаттары заңбұзушылықтар жойылмағанын мәлімдеді.

Алайда сот істі өндіріске қабылдады.

«Сот қылмыстық істі қайта қайтаруға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сот талқылауында сіздермен бірге ұсынылған құжаттарды зерттейміз және сот осы материалдарға баға береді. (…) Істі қайтаруға ең басты негіз қорғау тарапының шағымдарына жауап берілмегені болды. Бұл мән-жайды прокуратура жойды, ал сотталушылардың кінәсі немесе кінәсіздігі туралы дәлелдемелерді басты сот талқылауында зерттеп, бағалаймыз», — деп түсіндірді судья.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр