jasqazaq.kz

Экс-адмирал Жанұзақов таксимен күнелтіп жүр

21 қантар 2021, 12:22

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Нұр-Сұлтанда такси қызметімен күнелтіп жүр. Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін салынған 30 миллион теңге айыппұлды осылай төлемекші. Экс-адмирал 5 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық атақ-даңқынан айырылған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Соңғы кезде индрайвермен тасып жүрмін. Міне, қараңыз, ешбір терістігі жоқ.

30 жылдан астам уақыт өмірін әскери міндетке арнаған ол енді әр жолаушының қас-қабағына қарауды үйренді. Адмиралдың қомақты табысынан айырылып, такси қызметінің мардымсыз кірісіне мойынсұнып отырғанымен бұл еңбекті арсынбайды. Теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын қызметін асыра пайдаланып қазына қаржысына қол сұқты деген айыппен былтыр алты жылға абақтыға қамау үкімі шыққан. Күзде ісі қайта қаралып, жазасы біршама жұмсарды. Жанұзақовтың өзі тағылған айыппен келіскен емес.

Жандарбек Жанұзақов:

-Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгімелескенде бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң, осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз нақақтан-нақақ күйіп кеттім.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде