
2020 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында жаңбыр және температураның төмендеуі күтіледі. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, елімізге Кар теңізінің циклоны әсер ететін болады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр жауады.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Кар теңізі аудандарынан келетін циклон анықтайтын болады. Циклон жаңбыр, солтүстіктің орталығында – екпінді желмен қатты жаңбыр тудырады, бұршақ түсуі мүмкін. Одан басқа, солтүстік және орталық аудандарда температура күндізгі уақытта 10-23 градус жылыға дейін төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай күтіледі», — деп хабарлайды Қазгидромет