
Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды.
Бұл ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растады.
«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Пірімқұлов пен М.К.Құрманғалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді», — деп жазылған мәліметте.
ҚазАқпарат