jasqazaq.kz

Экология министрі ең лас қалаларды атады

30 қазан 2019, 11:37

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ең лас қалаларды атады.

Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, ең лас қалалардың тізімінде Теміртау көш бастап тұр. «Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кірді. Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларының қатты ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар себеп болса, Нұр-Сұлтан мен Алматының ластануына көлік және жеке секторлардың жылыту жүйесі себеп. Ал Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр», — деді министр сұхбатында. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл проблемаларды шешудің жалғыз жолы жасыл технологияларға көшу, яғни қосымша фильтрлер орнату.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде