jasqazaq.kz

Екінші тоқсанда мектептер ашыла ма?

14 қыркүйек 2020, 15:44

Қазақстандық оқушылардың дәстүрлі білім беру форматына қайта оралуы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

«Бірнеше апта өткеннен кейін, балалар арасындағы аурудың таралуына қарай екінші тоқсанда оқудың қандай форматта болатынын анықтайтын боламыз. Нәтижелерді комиссияға табыстаймыз. Бір күндік ауру жұқтыру деңгейіне қарай шешім шығарылады», — дейді Цой.

Балалардың жас ерекшеліктерін және олардың ата-аналарының өтініштерін ескере отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істей бастады.

Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп өз жұмысын бастады. Оның 3 мыңға жуығы дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл негізінен ауыл мектептері.

Дәстүрлі форматта 800 мыңға жуық бала оқиды, оның 250 мыңы шағын жинақты мектептерде білім алуда. 2.6 миллионға жуық оқушы мектептердің өздері таңдаған отандық білім беру платформаларын қолдана отырып қашықтықтан білім алады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық