jasqazaq.kz

Екінші атом электр станциясы Ертісте салынуы мүмкін

03 тамыз 2022, 16:41

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ертісте тағы бір атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов:

Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласының маңында пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстан көміртекті бейтараптық жолына түсіп жатса, бірнеше атом электр станциясын салудан басқа жол жоқ. Яғни, Ертіс болашағы зор учаске екені сөзсіз.

Жандос Нұрмағанбетов қазір бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты.

Энергетика министрінің орынбасары:

Сәтімен іске қосылып, бірінші стансаның құрылысы басталса, екінші сұрақ туады: Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады? Бұл мәселе талқыланып жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласына жақын жерде пайда болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бағдарлама әзірлеп, реактор технологиясы мен қаржыландыру схемасы анықталуы керек. Министр айтқандай, осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында ақпарат береміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде