
Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады.
Екібастұздың 40 жастағы тұрғыны «Зорлау» бабы бойынша сотталды.
Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Сот қылмыстың 2020 жылдың 7 маусымына қараған түні болғанын анықтады. Мас адам «Шахтёр» бау-бақша саяжайында 14 жастағы қызды қорлаған.
«Сотталушы өз кінәсін мойындамады және ақтауын сұрады. Алайда оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның анасының, куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді», — деп хабарлады Қылыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Прокурор кінәлілерді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі соттың ұйғарымына сүйенді.
Сот үкімімен блогер 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеншілер қаласында танымал блогер мен ерікті кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен ұсталды деген ақпарат өткен жылдың қыркүйек айында тарады.
Кеше сол сот үш жылдан астам уақыт бойы үш оқушы қызға зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық жасаған Ақсу қаласының 52 жастағы тұрғынын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Pavlodarnews.kz