jasqazaq.kz

Екібастұзда жылу желісінде тағы апат болды

06 желтоқсан 2022, 14:27

Бүгін таңғы сағат 4-те, көпқабатты тұрғын үйлердің, ішкі кварталдық желілері жарылып, 15 үйге жылу бармай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, бұған дейін жылусыз қалған баспаналарда, желілерді қалпына келтіру жұмыстары, тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл Сәтбаев көшесіндегі 8-үй. Алты корпустан тұратын тұрғын үй кешені аумағында төтенше жағдайлар департаментінің апаттық-құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр. Үйде су жоқ. Жылу желісіне бүгін кешке қарай толық қосылады деген үміт бар.

Сергей Конавалов, үй тұрғыны:

— Кеше жылу беріле бастады. Монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Қолдау көрсеткен барлық Қазақстандықтарға алғысым шексіз.

Евгений Середа, үй тұрғыны:

— Сәтбаев көшесі, 5 корпуста тұрамыз. Қарағандыдан келген жігіттер кеше бәрін жасады. Түнгі сағат 12-ге дейін жүрді. Рахмет бәріне. Мен олардың алдында бас иемін.

Рашит Махметов, үй тұрғыны:

— Біздің подьезімізді Қызылорданың жігіттері істеді. Таңатқанша міне бітірді. Алла қаласа қазір енді қосып жатыр. Сол жылылықты күтеміз енді. Бүгін міне оныншы күн. Тек елімізге халқымызға жылылық тілейміз.

Үйлерге жылу беріліп жатыр. Бірақ сумен қамту жүйесі әлі қалыпқа келген жоқ. Жылуды қалпына келтіргеннен кейін коммуналдық сала мамандары құбырларды жылытуға көшті. Мына шағын ауданда су жүретін құбырлар осыдан 9 күн бұрын қатып қалған болатын. Ал қарапайым халық тіршілік нәрін үйлеріне шелекпен тасып жатыр. Жергілікті атқарушы билік орталық су жүйесін қалпына келтіруге енді кірісеміз деп отыр.

Олег Крук, облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы:

— Біз қазір барлық күшті көпқабатты үйлерге жұмылдырдық. Қазір жылуды қосамыз. Ал ертең толығымен орталық су жүйесін жылытуды бастаймыз. Өйткені суық су желісі қатып қалған. Сондықтан бригадалар осы жұмысқа кіріседі. Осы уақытта жекеменшік тұрғын үй секторындағы жағдай назардан тыс қалған жоқ. Олардың мәселесімен Қазақмыс бригадалары айналысады.

Бүгін таңғы төртте тағы 15 көпқабатты үйдің жылу желісі жарылды деген хабар жетті. Онсыз да коммуналдық апаттың зардабын тартып отырған халыққа бұл жығылғанға жұдырық болып жатыр. Штаб басшылары жағдай түскі сағат 14-ке дейін қалпына келеді деп уәде беріп отыр.

24.kz

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта