
Екібастұзда жоғалып кеткен 15 жастағы екі оқушы өлі күйде табылды. Жасөспірімдердің мәйіті шомылуға жабдықталмаған су айдынынан табылды
Жасөспірімдердің заттары шомылуға жабдықталмаған жергілікті су қоймасы жағасынан табылған еді.
«Балалар қаза болды. Оларды жағадан сегіз метр қашықтан тапты. Біреуі екіншісін құтқарам деп, бірге батып кетуі мүмкін. Туған-туыстарына көңіл айтамыз», — деді еріктілер.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімдер шомылу кезінде суға батып кеткен. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
«Жақын маңда шомылып жүрген балалар заттарды тауып алып оларды өздерімен алып кеткен. Кейін олар полицияға хабар берген, бірақ су қоймаларының атауын шатастырып алған. Сондықтан алдымен жаңа көпір маңындағы шұңқырдан іздей бастадық. Іздеу кезінде көрші су қоймасын да тексеруді ұйғардық. Сол жерден балалардың денесі табылды», — деді еріктілер.
Tengrinews.kz.