jasqazaq.kz

«Екібастұзда зейнеткер пәтерінде үсіп қалды»: желідегі ақпаратқа түсінік берілді

05 желтоқсан 2022, 10:31

Екібастұз дәрігерлері өз пәтерінде үсік шалып қайтыс болған зейнеткер туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұзда ер адам өз үйінде үсіктен қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарлама шындыққа жанаспайды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үйлердің бірінде шынымен де зейнеткер көз жұмған. Бірақ оның өліміне пәтердің суық болуы себеп болмаған.

Ер адам көзі тірісінде гипертония ауруына шалдыққан.
Жедел жәрдем станциясының ақпаратына сәйкес, сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адам есінен танып қалғаны туралы хабарлама түскен.

«Медицина қызметкерлері 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалған жоқ», — деді станцияның баспасөз қызметінен.
Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын атап өтті.
Полицейлер Екібастұз тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта