jasqazaq.kz

Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды

04 қантар 2019, 12:05

Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда кешкі уақытта болған. «3 қаңтарда 20:11-де 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылғаны туралы хабар түсті. Оның екі қолы да зақымдалған және ауруханаға жеткізілген», — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. Дәрігерлердің мәліметінше, жаңажылдық отшашуларға байланысты тағы бір оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Павлодарда болған. Петарданың дұрыс жарылмауынан Павлодар қаласының 42 жастағы тұрғыны зардап шекті. Ол көзіне зақым келіп, Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Осыған дейін Ақтөбелік ер адамның қолында петарда жарылғаны туралы хабарланған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде