jasqazaq.kz

Екібастұзда мас адам 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалды (Видео)

07 ақпан 2022, 16:31

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірінде 9-қабаттың балконының үстінде ер адам жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілді, жедел медициналық көмек және төтенше жағдай қызметі шақырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«39 жастағы ер адам үйдің төбесіне шатыр арқылы көтерілгені, содан кейін тоғыз қабатты үйдің балконына түскені белгілі болды. Артынша пәтерге кіруге тырысқан. Ол тоғыз қабатты үйдің биіктігінде жарты сағат бойы жатты», — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді. Осыдан кейін полиция қызметкерлері қала тұрғынын медициналық куәландыруға жіберді, оның қорытындысы бойынша ер адам мас күйінде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ер адамның бұрын құқық бұзушылықтың осы түріне тартылғанын ескерсек, оны қайталағаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық