jasqazaq.kz

Екібастұзда көлік апатынан екі адам мерт болды

25 қыркүйек 2022, 9:29


Екібастұзда көлік апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қыркүйекте 19.30 шамасында 2001 жылы туған жүргізуші «Фольцваген Пассат» маркалы автокөлікпен Екібастұз қаласындағы «Стелла-Город» автожолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Форд Транзит» шағын автобусымен соқтығысқан», — деп хабарлады Екібастұз қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Полициядан жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адамның қайтыс болып (2001жылғы жүргізуші және «Фольцваген Пассат» автокөлігінің 2005 жылғы жолаушысы), жеті адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған екі адам бар, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенін атап өтті (барлығы «Форд Транзит» автокөлігінен).

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр