jasqazaq.kz

Екібастұзда әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған

21 желтоқсан 2018, 11:49

Павлодар облысында 40 жастағы әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған екі азамат құрықталды. Ішімдіктен ұрттап алған олар қайғылы оқиғаға дейін бірге көңіл көтергенге ұқсайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл жағдай Екібастұздағы пәтерлердің бірінде болған. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Бір анығы, әйелді пышақтағап өлтірген екеу оның денесін кілемге орап, қас қарайғанда сыртқа алып шыққан. Мәйітті қоқысқа тастап, іздерін суытпақ болғанда оларды осы маңда өтіп бара жатқан жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері аңғарып қалған. Сөйтіп, оқиға орнына полицейлер жетіп, 21 және 28 жастағы қос жігітті құрықтаған. «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталған олар қазір уақытша қамау қапасында тергеліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде