jasqazaq.kz

Екібастұзда 10 адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті (Видео)

11 қыркүйек 2021, 13:53

Екібастұздық полицейлер Павлодар облысының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрамында 10 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсы белгілі бір жұмыстарды атқарып отырған: бірі ұрлық істесе, екіншісі ет сатқан, енді бірі қажетті құжаттарды жинап отырған. Сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірген.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің мәліметінше қазіргі уақытта қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылғанын, күдіктілердің Екібастұз қаласында ұсталғанын атап өтті.

«Тексеру барысында «ВАЗ 21099» маркалы автокөліктен сиыр етінің бір ұшасы, металл электронды таразы, ал «Ауди» маркалы автокөліктен ветеринариялық анықтамалар алынды. Қаскүнемдер келесі схема бойынша әрекет еткен: аптасына бір рет, демалыс күндеріне жақын уақытта Екібастұз ауданының ірі шаруа қожалықтарының бірінен 2 бас ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері қала базарларында және үйде ет өнімдерін сатқан. Анықталғандай, күдіктілер бұрын ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері болған, сондықтан олардың етті өткізуі азаматтарда күдік тудырмаған, — деді Нұрлан Мәсімов.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар Екібастұз қаласының УҰИ-не қамалды.
Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия