jasqazaq.kz

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары тергеуге алынды

01 қазан 2021, 16:54

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында осындай мәлімет тарады. «Павлодар облысында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді», — деп жазылған агенттіктің мәліметінде. Сондай-ақ, Қостанай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы бөлімшелерінің бұрынғы басшылары ұсталған көрінеді. «Олар азаматтардан жол қозғалысы ережелерін білу емтиханынан өткені туралы бланкілерді ешқандай сынақсыз берегін үшін ақшалай сыйақы алатын ұйымдасқан топты құрып, басқарып отырған деген күдікке ілінді. Ұйымдасқан топтың әрекетінен жол ережелерін білмейтін жүргізушілер көлік тізгіндеу құқығына ие болған. Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», — деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия