jasqazaq.kz

Екібастұз ХҚКО басшысы тәртіптік жауапқа тартылды

19 желтоқсан 2018, 15:48

Облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті енгізген «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильдік қосымшасы арқылы соңғы екі айда 96 өтініш қабылданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысы Әділбек Мұқашев «Цифрлық агент» аясында қабылданған өтініштер бойынша Екібастұз қаласында құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті. — Бұл жерде электрондық цирфлық қолтаңбаны заңсыз беру арқылы мәліметтер ұсынылып, қызметтер көрсетілген, — дейді Әділбек Мұқашев. – Халыққа қызмет көрсету орталығының бір қызметкері екіншісіне заңсыз ЭЦҚ ашып берген. Ол қолтаңба үшінші тараптың қолына түскеннен соң, олар сол арқылы қолтаңба иесінің атына бөтен азаматтарды тіркеген және басқа да заңсыз әрекеттер жасаған. Әділбек Мұқашевтің айтуынша, ХҚКО-ның екі қызметкері жұмыстарынан босатылып, басшысына қатысты қатаң тәртіптік жаза тағайындалған. Департаменттің «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасына қараша айында Екібастұз қаласының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Белгісіз біреулер қала тұрғынының атына өзінің рұқсатынсыз ЭЦҚ рәсімдеп, бір жыл ішінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы бірнеше адамды тіркеп қойған. Екібастұз тұрғыны халыққа қызмет көрсету орталығына келген кезде өз баспанасында белгісіз біреулердің тіркелгенін көрген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде