jasqazaq.kz

Екі жұмысшы цех шатырында қарасора өсірген

09 маусым 2021, 9:40

Қарағандыда екі жұмысшы цехтың шатырында қарасора өсірген. Бұл туралы   Polisia.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

4 маусым күні Қарағандыда жедел-іздестіру шарасы барысында Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл тұлғалар ЖШС цехтарының бірінің шатырында заңсыз қарасора өсірген. Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері 147 түпті тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар қарасораны өздері пайдалану үшін еккен. «Плантация» үшін ер адамдар цехтың төбесін ыңғайлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде