jasqazaq.kz

Екі жылдық үзілістен кейінгі жеңіс

05 қазан 2021, 11:32

Бәріне ортақ журналистика

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

 

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.
Курсқа қатысушы Бақытжан Омашев спортқа, оның ішінде қол күресіне қызығушылығы басым. Сайыстарды қалт жібермей қарап, өзінің ой-пікірін сайтымызға да жолдапт отырады. Бақытжан Нұржаубайұлының жазған шағын ақпаратын сайт оқырмандарына ұсынамыз.

Жекпе-жек

ММА шебері Арман Әшімовтің жанкүйерімін. Арманның әлеуметтік желідегі парақшасынан жаңалықтарын оқып тұрамын.

Күні кеше Алматыда NFC 34 турнирі өтті. Арман Әшімов жекпе-жекке шықпағалы екі жылға жуықтапты. Ол АҚШ-тың әйгілі лигасы UFC промоушнымен келісімшарт жасасқаны туралы да ақпарат тараған. Бірақ жекпе-жекке түскен жоқ. Қолының жарақатына байланысты да айқасқа шықпады. Міне, осылай жүріп екі жыл үзіліс алған Арман кезекті жекпе-жегінде әзірбайжандық Серхан Валилидің 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Мұстафа Өзтүрік лақап атымен октагонға шығатын Арман бауырымызға алдағы айқастарында да сәттілік тілейміз.

Бақытжан Омашев,
1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Алматы қаласы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия