jasqazaq.kz

Екі жылда жарықтандырылған көшелердің үлесі 70 пайызға жетеді

30 мамыр 2022, 17:24

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022-2023 жылдары 208 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде қала көшелерін жарықтандыру көрсеткіші 70 пайызға жетпек.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, жарықтанған көшелер үлесі 43,4 %-ды құрады. Қаланың инфрақұрылымының даму жоспарына сәйкес 2021 жылы 104 көшені жарықтандыру көзделсе, меже артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды. Қалада «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру жолға қойылды. Жұмыс толық автоматтандырылған. Тәулік бойы оператор барлық жүйенің жұмысын бақылап отырады: қай көшедегі желі, қай шам жанып немесе өшіп тұрғаны экраннан көрінеді. Тағы бір ерекшелік – мамандар жарық шамның іске қосылу мерзімін жыл мезгілі, күннің шығуы мен батуына орай өзгертіп тұрады. Мысалы, қазіргі таңда шамдар кешкі 21:00-де жанып, таңғы 05:30-да өшеді. Ал күн бұлтты кезде диспетчер жарық шамдарын бір орталықтан, компьютер арқылы ерте қоса алады.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылуда. «АВМ Building» ЖШС Шымкентте 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

– Қалада 2021 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеміз. Біздің мақсатымыз – қаладағы барлық жарықтандыру жүйесін толық автоматтандыру. Ескі шкафтарды заманауи, жаңасына ауыстыру, диспетчерлік орталыққа қосу. Қазіргі таңда 80 шкаф іске қосылып, жыл соңына дейін олардың санын 150-ге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Диспетчерлер – толығымен жергілікті тұрғындар. Барлығы арнайы курстан өтіп, Алматыда тәжірибе алмасып келді, – дейді «АВМ Building» ЖШС Шымкент қалалық филиалының директоры Асқар Бураханов.

Көшелерді жарықтандырып, жүйені күтіп-ұстау, автоматтандырылған желіге қосу – осы мекеменің жұмысы. Алдағы уақытта әр жарықшамның килловаты, түнде, көлік қозғалысы баяулағанда жарықтық дәрежесін автоматты төмендету арқылы энергия үнемдеу сынды функцияларды қосу жоспарланған. Қазіргі таңда, 40-қа жуық көше диспетчерлік орталыққа қосылған. Жыл соңына дейін көше санын 100-ге жеткізу көзделген.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде