jasqazaq.kz

Екі жылда телехикая түсіруге 153,5 млн теңге жұмсалған

02 қараша 2017, 19:07

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде БАҚ туралы жаңа заң жобасы талқыланды. Жиыннан кейiн журналистер Мәжiлiс депутаты Артур Платоновқа Энергетика министрi Қанат Бозымбаевтың журналистердiң бензин бағасы туралы сұрағына дөрекi жауап бергенiн айтып, одан бұның қаншалықты заңды екенiн сұрады. Атап өтсек, Бозымбаев тiлшiлерге «мен 18-шi рет айтып тұрмын» деген болатын, деп хабарлайды Baq.kz.

«Менiң ойымша, нелiктен солай жауап бергенiн оның өзiнен сұрау керек. Мүмкiн ол шынымен 18-шi рет жауап берген шығар. Өз басымнан ондай жағдай өткен емес. Менiң ойымша, қанша рет қажет болса, сонша рет жауап беруі керек. Оның министр, министр емес екенi маңызды емес. Нелiктен? Өйткенi, бұл бiздiң жеке iсiмiз емес қой. Сiз халықты алаңдатып отырған қызықты әрi маңызды мәселенi сұрайсыз. Мысалы, мен қазiр асығып тұрсам да, сiздерге тоқтадым. Және мен осы сұраққа жауап бермейiнше кетпеуiм де, қашпауым да керек. Сiздер 100 рет сұрасаңыздар, мен 100 рет жауап беремiн. Сiздер нелiктен сұрайсыздар, өйткенi кейде бiреулер бiр нәрсенi дұрыс түсiнбей қалады, ал бұны халыққа жеткiзу өте маңызды», — дедi Артур Платонов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде