jasqazaq.kz

Екі жоғары білімі бар азамат еріксіз қайыршыға айналған

09 қантар 2019, 19:56

Алматыда үй-күйсіз жанға айналып, сәкілерде ұйықтап жатқан ер адам еріктілердің көзіне түсті. Еріктілер өз ақшасына үй-күйсіз жанға көмектесті.

Бейбіт Петропавлдан келген. Бұл туралы ерікті Салауат Қабжалелов айтты, деп жазады Zakon.kz.

Олар ер адамды 6,7 қаңтар күні сәкіде ұйықтап жатқанын көреді. Ер адам үсіп қалмау үшін спиртті ішімдік ішіп алған.

“Маған өзге еріктілер хабарласып, Байтұрсынов көшесінің бойында ер адамның жатқанын айтты. Оны бейімбеу орталығына орналастыруды сұрады. Бірақ ол жан орталыққа барғысы келмеді. Ол бейімдеу орталығында болғанын, ол жердегілермен ұрысқанын айтты. Мен бұл ақпаратты желіге жаздым”, – дейді Салауат.

Ер адамның айтуынша, ол 7-8 айдан бері Алматыда жүр. Петропавлдан жүк көлігін айдаушы танысымен келген. Танысы кавенің біріне тамақтануға ертіп кіріп, тастап кеткен екен. Ер адам ақшасыз, құжатсыз қалып қойған. Туған қаласына, туыстарына баруға мүмкіндігі болмаған. Ал, құжаттарын ХҚКО-на өткізіп, сол күйі ала алмаған. Ал, туыстарына құжаттарды бермей қойған көрінеді.

Ал, Алматыдан Петропавлға тікелей баратын автобус жоқ. Еріктілер ер адамның туыстарына хабарласып көрді. Олар Астана қаласынан күтіп алатын болып келісті. Алайда қоғамдық көліктегілер иісі мүңкіп тұрған ер адамды көлікке кіргізбей қойды.

“Еріктілер өз ақшасына пәтер жалдап, таза киім әкелді. Ер адамның екі жоғары білімі бар. ол ресейлік ауылшаруашылық институты агроном мамандығы бойынш бітірген. Бүгін біз оны Астанаға салып жібердік. Ертең туыстары Астанадан күтіп алуы керек”, – дейді Салауат.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде