
Алматыда базарға келушілерді ұрып-соғып, артынша оларды тонап жүрген ер адамдар ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.


Полициядағылардың мәліметінше, күдіктілер қылмысты түнгі уақытта «Барлық» базарында жасаған. «Бөлімшенің қызмкеткерлері базарға келушілерді тонап жүрген 19 және 25 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар — Шымкент және Алматы облысының тумалары. Қазіргі уақытта олардың тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, осыған ұқсас тағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Наурызбай аудандық Полиция басқармасынң басшысы Дінмұхаммед Әуелхан.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.