jasqazaq.kz

Екі жігіт 84 жастағы қарияны ұрып, тонап кеткен

14 желтоқсан 2018, 16:43

Ақтөбеде екі жігіт 84 жастағы қарияны ұрып-соғып, ақшасын тартып алған. Оқиға 7 желтоқсанда болды.

Орталық көшеде орналасқан үйінде Александр Николаевич жалғыз өзі болған. Үйге әлдекімдер келіп, есік ққан. Қария кім екенін сұрағанда, электр мамандарымыз деп жауап берген.

“Есікті ашып едім, екі жігіт кіріп келді. 30-35 жастағы жігіттердің қолында пышақ болды. Мені орындыққа байлап қойды. Ұрып-соғып, бетімді қанатып тастады. Ақшаның қайда екенін сұрады. Үйдің астаң-кестеңін шығарды”, – дейді ол.

Ұрылар қарияның қалтасындағы 17 мың теңгені алып, түймелі телефонын алып кетеді. Олар қарияны өлтіреміз деп қорқытып, тіс жармау керек екенін айтады. Олар кеткен соң қария қолын шешпек болып ұмтылғанда, орындығымен бірге құлап қалады. Есіктің бәрі жабық болған. Сыртқа шығуға қорыққандықтан, төртінші қабаттан арқанмен түспек болыпты. Осы кезде үй телефонына қызы хабарласады. Әкесі мән-жайды айтқан соң, қызы полиция мен жедел жәрдем шақырады.

Қария өзіне шабуылдаған екі жігітті оған дейін төрт рет көргенін айтты. Олар қарияға жол беріп қарап тұрған. Полицейлер күдіктілерді іздеп жатыр.

stan.kz

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады