jasqazaq.kz

Екі жеңіл көлік соқтығысып, екеуі де жанып кетті

17 шiлде 2021, 17:33

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында жол апаты болды.

«Ваз-2110» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі «Мitsubisi Montero» автокөлігімен соқтығысты.

Кейін екі автокөлік жолдан шығып, өртенді.

«Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушілері мен 5 жолаушы жарақат алып, Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының мектеп директорлары жол апатына ұшырап, екеуі оқиға орнында көз жұмды.

Екеуі ауруханаға түсті.

Жыл басынан бері өңірде 200-ден астам жол-көлік апаты болған. Онда 40-қа жуық адам көз жұмды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия