jasqazaq.kz

Екі жасөспірім бас бостандығынан айырылды

19 тамыз 2019, 15:08

Шымкентте сыныптас қызын зорлаған 17 жастағы екі жасөспірім сотталды. Мұнымен қоймай, олар өз әрекетін видеоға түсіріп алып, артынша қызды бопсалағанБұл туралы қаланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, екі жасөспірім сыныптас қызды зорлап, оны видеоға түсіріп алған. Мұнан кейін қыздан ақша мен заттар талап етіп, керісінше жағдайда видеоны мессенджерлер мен әлеуметтік желіде жариялайтындарын айтып сес көрсетеді.

Олардың мұндай әрекетінің салдарынан қыз өзіне қол жұмсамақ болыпты. Абырой болғанда, оны құтқарып үлгеріп, аман қалды.

Сот «Зорлау» және «Бопсалау» деректері бойынша айыпталған жасөспірімдерге қатысты үкім шығарды. Олардың екеуі де кінәлі деп танылды.

Алайда айыпталушылар кәмелет жасқа толмағандықтан, оларға максималды мүмкін жаза беріліп, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде