jasqazaq.kz

Екі жасар ұлын тепкен шенеунік жұмыстан шығарылды

06 желтоқсан 2017, 10:31


Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Дастан Догоев өз баласын көшеде тепкен ведомство қызметкері Бариер Адиевті жұмыстан босату туралы жарлық берді, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

2 желтоқсанда ер адамның жерде жатқан баланы ішінен тепкен видео Желіде тарап кеткен болатын. Құқық қорғау органдары ер адамды сол күні тауып, үстінен бұзақылық дерегі бойынша іс қозғаған. Сот ер адамға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған. Баланың анасы күйеуін ата-ана құқығынан айыруды қолдап, бас бостандығынан айыруға қарсы болып отыр.

Бариер Адиевтің өзі ұлын жерден жәй ғана көтергенін айтады. Сағат 16:00 шамасында олар үйіне кірген. Кейін ол өз шаруаларымен кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін Ғаламтордан видеоны көрген әйелі қоңырау шалған. Олар жанжалдасып қалған екен. Әйелдің өзі, Асель Эржанова баланы алып, өзінің туыстарына кетіп қалған. Әйел мен ер адамның азаматтық некеде болғаны анықталды.

Ал Елхан — баланың өзі іш жарақатымен балалар ауруханасына жеткізілген. Балаға жарақат салу бойынша сот-медециналық сараптама жүргізіліп жатыр.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды