jasqazaq.kz

Екі жасар бүлдіршін сірке суын ішіп қойған

14 мамыр 2019, 17:38

Шымкентте 2 жасар қыз сірке суын ішіп қойып, аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалған. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалды.

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Аз уақыт ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін 80 пайыздық сірке су қышқылын ішіп қойған. Салдарынан оның аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалып, қалалық токсикология бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер бүлдіршінге көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

«Ата-анасы гипербарикалық оттегілеу орталығының токсикология бөліміне жүгінді. Бүлдіршін бірден ауруханаға жатқызылып, сірке суынан улануғ жұтқыншақ, өңеш пен асқазанның орташа ауырлықтағы күйігі диагнозы қойылды.

Қазіргі уақытта бүлдіршін емделіп жатыр. Лор дәрігер мен реаниматолог кеңес берді. Токсикологтар бақылап, ем-дом жүргізіп жатыр. Ол толықтай сауыққанша орталықта болады», — дейді гипербарикалық оттегілеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде