jasqazaq.kz

Екі жалған полицей ұсталды

29 қантар 2020, 14:13

Екі жалған полицей Шахтинск қаласының тұрғынынан есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатып береміз деп 1000 доллар талап еткен.

21 қаңтарда Қарағанды облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына Шахтинск қаласының 36 жастағы тұрғыны екі полиция қызметкері қылмыстық жауапкершіліктен босатып беретінін және сол үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат талап еткендігі туралы өтініш келіп түскен. Аталған факті бойынша 2020 жылдың 27 қаңтарында Шахтинск қаласында Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен жалтарғаны үшін арызданушыдан талап етілген соманың бір бөлігін, яғни 100 000 теңге көлемінде қаражатты алған бетте 22 және 24 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар өтініш берушіге өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырған. «Тексеру барысында ұсталғандардан олардың бірінің атына жазылған ішкі істер басқармасы қызметкерінің қызметтік куәлігіне ұқсас құжат табылды және тәркіленді. Дегенмен, нақты ұсталғандар Облыстың ішкі істер органдарына ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз болған»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Қазіргі таңда облыстық ПД ӨҚБ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде