jasqazaq.kz

Екі зейнеткерді үйінде өлтіріп кеткен (видео)

12 шiлде 2020, 10:24

Алматы полициясы екі адамның өліміне қатысты істі әшкереледі. Жақында зейнеткерлердің денелері Алматы қаласының Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

– Бұл – 1932 және 1940 жылы туған ерлі-зайыптылар. Ата мен әженің жансыз мәйіттерін туыстары тауып алған, олар бірнеше рет хабарласып ала алмағаннан кейін дабыл қаққан. Пәтердің есігі сынған. Қарттардың өліміне денеге бірнеше рет сұғылған  пышақ жарақаттары себеп болғандығы анықталды. Осы аса ауыр қылмысты ашу үшін шұғыл түрде тергеу-жедел тобы құрылды. Ұқыпты жұмыстың нәтижесінде күдіктінің жеке басы екінші күні анықталды және тұтқындалды. Бұл бұрын адам өлімі үшін сотты болған 1986 жылы туған О.есімді азамат. Екі жыл бұрын түрмеден босатылған, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол зейнеткерлердің үйіне тонау мақсатында келген. Ол, қарттардың оған қарсылық көрсеткенін, нәтижесінде, ол пышақты қолданғанын айтты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың шынайы себептері мен басқа мән-жайлары ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес ПД ТБ жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша белгілі болады.

Заттай айғақтар: қылмыс құралы және ұрланған мүлік тәркіленді.

https://youtu.be/OKMrO4pxO1g

Ақпарат көзі Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия