Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде аулада жүрген балалардың көзінше сақалды екі жігіт бір адамды сабап тастады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Олар тұрғындардың араша түскеніне қарап жатқан жоқ. Төбелескендерді ажыратып жүргендердің қатарында қариялар да бар.
Қазіргі уақытта полиция бұзақылыққа барғандарды қолға түсірді.
«Осы жағдайға қатысты екі адам ұсталды. ҚР ҚК-нің 293-2 «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды», — деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметі.
Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram