jasqazaq.kz

Екі рет үйленген Екібастұз тұрғыны балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды

01 ақпан 2022, 16:15

Екібастұзда алимент төлеуден қашып жүрген ер адам балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні Екібастұз мамандырылған сотының үкімімен, 38 жастағы азамат кәмілеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы, 1-тармағы («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») бойынша кінәлі деп танылды. Ол екі сот актісі бойынша әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ер адам екі рет некеде болған. Әр отбасыда кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар. Ол ешбір баласына алимент төлемеген.

Ер кісінің бұрынғы әйелдері сот орындаушыға жүгінді. Ер адамның балаларына 5 млн теңгеден аса қарыз болып қалғаны анықталды.

Учаскелік инспектор алимент төлеуден қашып жүрген әкейді тапты. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша екі әкімшілік іс қозғалды.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін де алимент төлемейтін болса, қылмыстық іс қозғау жағы қарастырылмақ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық