jasqazaq.kz

Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізушіге қатысты тың дерек шықты

26 мамыр 2020, 10:11

Алматыдағы блок-бекетте ойран салған мас жүргізуші бұған дейін құқық қорғау саласында қызмет еткен.

Күні кеше Алматыдағы блок-бекетте екі полиция қызметкерінің қаза табуына себепкер мас жүргізуші А. бұрын органда жұмыс істеген, бірақ өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін жұмыстан шығарылған.

«Блок-бекетте болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізушінің бұрын погон таққан адам болуы одан сайын жанымызды ауыртып отыр. Алты жыл полицияда жұмыс істеген ол қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Ақыры оның ішкі істер органдарынан кетуіне осынысы себеп болды. Бірақ, өкінішке қарай, одан кейін де ол бұдан сабақ алып, ешқандай қорытынды жасамаған. Заңды белден басып, ақыры ауыр зардапқа әкеліп соғатын біле тұра, мас күйінде рульге отырып, қылмыс жасады», – деді Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов.

Алматы полициясының бастығы азамат А.-ға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазір ол қамауда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде