jasqazaq.kz

Екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырды

18 сәуiр 2020, 13:13

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар штабынан мәлім етті.

18 сәуір күні (таңертеңгі 09.30-дағы мәлімет) Шымкент қаласында індет 11 адамнан анықталған болатын.

«Науқастар 1956, 2004, 1978, 1981, 1977, 1992, 1967, 1946, 1969, 1968, 1979 жылдары туған Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынды. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», — делінген хабарламада.

Қалалық штабтың мәліметінше, ауру ошақтарында эпидзерттеу мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдайға байланысты қала аумағындағы Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы мен «Самал 2» шағынауданы, Тассай тұрғын алабы қауіпті ошақ ретінде тіркеуге алынды.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі