jasqazaq.kz

Екі өңірде арнайы операция өтіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (Видео)

29 наурыз 2022, 10:45

Қазақстанның екі өңірінде «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурызда ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, сондай-ақ арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция өткізді. Оның барысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады. Топ мүшелері бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, аңшылыққа арналған 5 шолақ мылтық, екі жауынгерлік тапанша, «Калашников» пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда. Ұсталған адамдарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді полициядан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде