
Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қағып кетті. Бұл туралы «Наша Газета» хабарлады.
Бұл оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды. «Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған жоқ. Полиция қызметкерлері одан оқиғанынң мән-жайын сұрастырып жатыр», — деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған. Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.